Workcation «жұмыс» және «демалыс» дегенді білдіреді. Бұл көшпенділердің сандық визасы деп те аталады. Себебі ол басқа елде ұзақ уақыт болған кезде қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осылайша, шетелдіктер аталмыш елде өз компанияларында қашықтан жұмыс істей алады.

Виза алу үшін шетел азаматтары кемінде 18 жаста және өз мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс істеуі керек екен. Сондай-ақ олардың жылдық табысы Кореяның өткен жылғы жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысынан (ЖҰӨ) екі есе көп болуы қажет.
