Бұл туралы "NewTimes.kz" сайты жазды.
Оқиға FlyArystan әуекомпаниясының №7169 рейсінің бортында болған. Тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған баланың диспансерлік есепте тұрғаны анықталды.
"Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері баланың жағдайын және алғашқы реанимациялық көмекті дереу бағалаған. Медициналық қолдау көрсетілді. Баланың жағдайы тұрақталды", - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі.