26.11.2025
06:43:42
ru
kz

Теміржол билеттеріне жеңілдіктер қысқа дейін ұзартылды

Басты жаңалықтар
10.10.2025
09:30
Теміржол билеттеріне жеңілдіктер қысқа дейін ұзартылды

Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімін қысқа дейін ұзартты, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.


 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне маусымдық жеңілдіктер мерзімін ұзартты. Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Билеттер саны шектеулі.


 

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

 

• № 9/10 «Астана – Алматы»

Вагон түрі: отыратын (2С)

Жеңілдік: 40% — пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға;

• № 65/66 «Астана – Жезқазған»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 25% — купелік орындарға;

• № 67/68 «Астана – Өскемен»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 30% — үстіңгі сөрелерге;

• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Вагон түрі: купе (2К)

Жеңілдік: 25% — үстіңгі орындарға;

• № 351/352 «Алматы – Өскемен»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;

• № 691/692 «Атырау – Ақтөбе»

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: 20% — үстіңгі орындарға.


 

Күн сайын қатынайтын пойыз:

• № 11/12 «Алматы – Шымкент»

Вагон түрі: туристік (2Д)

Жеңілдік: 25% — купелік орындарға.


 

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарласуға болады.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить