22.10.2024
14:27:32
ru
kz

Таяу Шығыс шиеленісі: Қазақстандық авиакомпаниялар Иранның әуе кеңістігінен айналып ұшады

Басты жаңалықтар
02.10.2024
10:45
Таяу Шығыс шиеленісі: Қазақстандық авиакомпаниялар Иранның әуе кеңістігінен айналып ұшады
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Осыған байланысты Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарды.

​Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият талдағаннан кейін және Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігінің ұсынысы бойынша Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуды орындауға шешім қабылдады.

Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.