9 сәуірде Air Astana әуекомпаниясы Airbus A321 ұшағымен Алматыдан Атырауға және кері KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін орындайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Авиалайнердің сыйымдылығы 179 орын, Алматыдан Атырауға ұшып кету уақыты 17.00-де. Кері рейс 21.15-те жүзеге асырылады. Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқынына орай осы бағыттағы сұраныстың артуына байланысты қабылданды.
Авиабилеттерді әуекомпанияның сайтынан, Air Astana қосымшасынан немесе Брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.
Air Astana табиғи апаттан зардап шеккендерге шын жүректен өкініш білдіреді және еріктілер ұйымдарынан ізгілік көмекті тегін тасымалдауға арналған өтініштерді қабылдайды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.