Бұл туралы «24KZ» арнасы хабарлады.
Бұған екіжақты визасыз режим мен тікелей рейстердің ашылуы себеп болған.
Елімізге Түркия, Үндістан және АҚШ азаматтары да жиі келетін болған. Сондай-ақ, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстаннан туристер саны да артты.
"Қазақстан өзінің бірегей ландшафттарымен және мәдени мұрасымен туристерді тартады. Шетелдік саяхатшылар Астана, Алматы, Шымкент сондай-ақ Түркістан мен Атырау өңірлеріне баруды жөн көреді. Біз экотуризмге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқап отырмыз», - деді "Kazakh Tourism ҰК" АҚ төрағасы Әлішер Тұрсын.
Айта кетейік, жақында туристік жарна алынып тасталған еді.