30.01.2025
19:43:01
ru
kz

Енді Алматыдан Мумбайға 5 сағатта ұшақпен жетуге болады

Басты жаңалықтар
29.01.2025
10:45
Енді Алматыдан Мумбайға 5 сағатта ұшақпен жетуге болады
Air Astana Алматы–Мумбай рейсін қосады, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Air Astana Қазақстаннан Үндістанға алғашқы рейсінің 20 жылдығын Алматы–Мумбай жаңа рейсінің ашылуымен атап өтуде. Рейс 2025 жылғы 20 сәуірден бастап жүзеге асырылады. 2004 жылы Үндістан нарығына шыққаннан бері әуекомпания тұрақты түрде қызметін кеңейтуде және қазіргі таңда Алматыдан Дели қаласына аптасына 9 рейс орындап, жаз мезгілінде рейс жиілігін артуда.

Алматы–Мумбай бағытындағы рейстер Airbus ұшақтарымен аптасына үш рет: жексенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Алғашқы рейс Алматыдан 20 сәуір күні 04:30-да ұшып, Мумбайға келесі күні жергілікті уақыт бойынша 09:55-те келіп қонады. Мумбайдан қайтатын рейс 11:00-де ұшып, Алматыға 14:45-те жетеді. Алматыдан Мумбайға дейін ұшу уақыты 4 сағат 50 минутты, кері бағытта 4 сағат 20 минутты құрайды.

Билеттердің екі жаққа бағасы барлық алымдар мен салықтарды қоса алғанда, эконом-класта 210 201 теңгеден, ал бизнес-класта 588 202 теңгеден басталады. Билеттер airastana.com сайтында қолжетімді.

 

"Үндістанның қарқынды дамып келе жатқан экономикасы аясында Air Astana Мумбай қаласына тікелей рейстерді ұсынуға қуанышты. Бұл қала сауда, қаржы және кәсіпкерлік орталығы болып табылады. Біз бизнес-саяхатшылар мен туристер Қазақстан мен Үндістанның ірі коммерциялық орталықтарын байланыстыратын бұл бағыттағы қызмет көрсету сапасын жоғары бағалайтынына сенімдіміз," – деп атап өтті Air Astana әуекомпаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер.


 Мумбай – Үндістанның батыс жағалауында, Араб теңізінің жағасында орналасқан маңызды қаржы хаб әрі Болливуд киносының астанасы. Қала сондай-ақ бай мәдени мұрасымен және туристік көрікті жерлерімен танымал, олардың қатарында Үндістан қақпасы, Элефанта және Канхери үңгірлері бар.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.