Еліміздегі қонақ үйлер мен орналастыру орындары 300 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
2024 жылы Қазақстандағы қонақ үйлер, демалыс базалары, хостелдер мен өзге де орналастыру орындары 299,8 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл — 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға көп. 2023 жылы саладағы қызмет көлемі 229 млрд теңгені құраған еді.
Орналастыру орындарының саны жыл ішінде 311-ге артып, жалпы саны 4 303 нысанға жетті. Ал біржолғы сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға ұлғайып, 226 мыңнан асты. Бұл көрсеткіштер елімізде туризм инфрақұрылымының даму қарқыны жоғары екенін және орналастыру орындарына сұраныстың артқанын айғақтайды.
Қызмет көлемі бойынша көш бастаған өңірлер:
Алматы қаласы — 96,3 млрд теңге
Астана қаласы — 65,7 млрд теңге
Ақмола облысы — 27,7 млрд теңге
Маңғыстау облысы — 18,5 млрд теңге
Шымкент қаласы — 11,3 млрд теңге
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.