Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады. Арнайы тергеу жүргізіледі.
Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар.
Кейін мәлім болғандай, Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.