21.11.2024
20:08:44
ru
kz

БАӘ туристері Швецария емес, Қазақстанда саяхаттағанды ұнатады

Басты жаңалықтар
11.03.2024
21:20
БАӘ туристері Швецария емес, Қазақстанда саяхаттағанды ұнатады
Қазақстан 2024 жылғы Ораза айт мерекесі кезінде БАӘ туристері барғысы келетін елдердің көшін бастады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
 
Қасиетті Рамазан айы келіп және Ораза айт жақындаған сайын Skyscanner ғаламдық әуе саяхаты бойынша іздеу жүйесінің деректері БАӘ тұрғындары үшін Қазақстанның ең танымал саяхат бағытына айналғанын көрсетті.
 
Skyscanner мәліметтері бойынша БАӘ тұрғындары ең қолайлы ұшу күні ретінде 2024 жылдың 2 сәуірін таңдаған.

Сауалнамаға қатысқан саяхатшылардың жартысынан көбі (51%) бір аптаға немесе одан аз уақытқа сапарларды брондауды қалайды.
Қазақстанға деген қызығушылықтың 195%-ға өсуі басқа танымал бағыттарға қарағанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

Демалыс үшін таңдалған елдердің толық тізімі келесідей көрсетіліп, сәуір айындағы рейстерді іздеудің жыл сайын артқаны байқалады.

• Қазақстан: 195%

• Сейшель аралдары: 115%

• Кипр: 99%

• Жапония: 90%

• Вьетнам: 81%

• Оман: 78%

• Швейцария: 56%

• Кения: 53%

• Маврикий: 52%

• Грекия: 49%
 
Skyscanner саяхат сарапшысы Айюб Эль Мамун БАӘ тұрғындарының Қазақстанды таңдауы Ораза айт мейрамында мәдени және байыпты саяхатқа деген ұмтылыспен байланысты екенін және де бұл Қазақстандағы туризмнің тиімді дамып отырғанын көрсететінін атап өтті.
 
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ eQonaq жүйесінің деректері БАӘ туристерінің Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын растайды, бұл келушілер санының 2022 жылы 2963 туристтен 2023 жылы 6051 туристке дейін екі есеге артқанын көрсетеді. БАӘ туристерінің Қазақстандағы негізгі бағыттарының ішінде Алматы, Астана қалалары және Алматы облысы ерекше көзге түседі.
 
Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындары үшін туристік бағыт ретінде Қазақстан танымалдылығының артуы табиғи сұлулық, мәдени байлықтың бірегей үйлесімі мен елдің халықаралық туризмдегі елеулі әлеуетін көрсетеді.

Өйткені, еліміздің табиғаты мен мәдени қоры жыл өткен сайын шетелдік туристер арасында бұрын-соңды болмаған қызығушылық тудырып келеді.

Әсем таулар, көлдер мен өзендердің таңғажайып пейзаждары, рухани туристік орындар мен дала халқының шынайы және заманауи дәстүрлерінің тандемі танымалдықтың артуына қозғаушы күшке айналуда.
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.