11.11.2024
06:51:41
ru
kz

6 ауданның тұрғындары жаңа автокөлік көпірінің ашылуына орай Өскеменге жылдам қатынайтын болады — М. Қарабаев

Басты жаңалықтар
21.10.2024
18:02
6 ауданның тұрғындары жаңа автокөлік көпірінің ашылуына орай Өскеменге жылдам қатынайтын болады — М. Қарабаев
ШҚО алты ауданының тұрғындары жаңа автокөлік көпірінің ашылуына орай Өскеменге жылдам қатынайтын болады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын автомобиль көпірінің ашылуына орай алты ауданның тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайтын болады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. 

Жоба көлік қатынасының ұзақ жылғы мәселесін шешуге бағытталған, көпір алты ауданды: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады.  

«2019 жылы Мемлекет басшысы тарихи шешім қабылдап, 2020 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды.  Көпірдің стратегиялық,, әлеуметтік, туристік және транзиттік маңызы бар.  Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, көпірдің маңында орналасқан алты ауданның, яғни 120 мыңнан астам азаматтың бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алатынын атап өткен жөн», – деді Марат Қарабаев.


Министр сонымен қатар ең басты мақсат – көпірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Ол үшін екі жағынан 40-қа жуық арнайы мұзжарғыш және көпірді тәулік бойы бақылау үшін тиісті камералар толығымен орналастырылған. 

Құрылыс тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 км жаңа жол салынды.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.