22.07.2025
04:10:34
ru
kz

21 шілдеде Атырау облысында «LOTUS FEST-2025» фестивалі өтеді

Басты жаңалықтар
21.07.2025
17:30
21 шілдеде Атырау облысында «LOTUS FEST-2025» фестивалі өтеді

Атырау облысында «LOTUS FEST-2025» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

26 шілдеден бастап Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUS FEST-2025» халықаралық фестивалі басталады. Басты назар Қиғаш өзенінің бойында табиғи ортада өсетін лотостың гүлденуіне аударылады. Туристер мен аймақ тұрғындары сирек кездесетін құбылыстың куәсі бола алады. 


 

Лотостың гүлдеуі - Атырау облысындағы жаздың маңызды оқиғаларының бірі. Бірегей көріністі «LOTUS FEST-2025» фестивалі аясында 26 тамызға дейін тамашалауға мүмкіндік бар. Жайқалған алқаптағы гүлдерге зиян келмес үшін келушілерге арнайы бақылау алаңы жабдықталады. Кейбір өсімдіктердің биіктігі екі метрді құраса, жапырақтарының диаметрі 60 сантиметрге дейін жетеді.

 


 «LOTUS FEST-2025» фестивалі туристерге табиғи сұлулықты ғана емес, қазақ халқының мәдени және спорттық дәстүрлерін де ұсынады. Меймандар үшін этноауыл ұйымдастырылып, театрландырылған көріністерді, қолөнер шеберлерінің көрмесін және шеберлік сабақтарын тамашалауға болады.


 

Белсенді демалысты таңдайтындар үшін қазақша күрес, асық ату, садақтан ату, армрестлинг және арқан тарту секілді ұлттық және басқа да спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.