Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқан бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникация қызметі мәлім етті.
Ұлыстың Ұлы күні Түркістаннан бағыт алған ұшақ “Qazaq air” әуекомпаниясына тиесілі. Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны көрші елдің әуежайынан самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды.
Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.