19.09.2024
22:12:31
ru
kz

Travel Kazakhstan атты жаңа деректі фильм түсірілді

Қазақстан жаңалықтары
26.08.2024
10:26
Travel Kazakhstan атты жаңа деректі фильм түсірілді
ҚР Президентінің Телерадиокешені дайындаған жаңа деректі фильм еліміздегі туризм саласының даму мүмкіндіктеріне арналады, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 маусымда туризмді дамыту жөнінде өткізген кеңесте туризм саласындағы әлеуеттің толық пайдаланылмай отырғанын сынға алды.

«Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады», - деді Мемлекет басшысы.


Қазақстанда туризм саласы қарқынды түрде дамуы үшін қандай шұғыл шараларды қолға алу керек? Алматы, Маңғыстау, Бурабай және Алакөл секілді аймақтарға турист тарту жұмыстары қалай жүріп жатыр? Бұл сауалдарға біздің деректі фильмнің кейіпкерлері танымал travel- блогерлер Өркен Кенжебек, Анзор Гасаев, Иван Червинский және Дастан Мұхамедрахим жауап береді.

25 тамыз сағат 12:00-де Jibek Joly телеарнасынан өткізіп алмаңыздар!

 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.