19.09.2024
21:26:54
ru
kz

Тоқаев қазақстан халқын ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан жаңалықтары
10.04.2024
08:33
Тоқаев қазақстан халқын ораза айт мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 
 
Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді.
 
Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады."
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.