Алматы Шанхайда серіктестік туристік алаң ашады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
2025 жылдың маусым айында Шанхайда Алматының туристік алаңы ашылады. Бұл қаланы шетелде таныту мен Қытаймен әріптестікті дамыту жолындағы жаңа маңызды қадам. Тұсаукесер Shanghai Plaza іскерлік орталығында өтеді.
Қонақтарға Алматының туристік бағыттары, көрікті орындары, мәдени шаралары мен асханасы таныстырылады. Жеке кеңестер ұйымдастырылады, сондай-ақ, фото, бейне және қала туралы пайдалы ақпарат ұсынылады.
Жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Оның аясында Алматы қаласының туризм басқармасы мен Шанхайдың туристік компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ. Екі ел арасындағы туризмді дамытуға серпін беретін тағы бір фактор — Алматы мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейстерінің іске қосылуы болмақ. China Eastern Airlines әуе компаниясы жақын арада тұрақты рейстерді бастауды жоспарлаған.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.