21.11.2024
20:21:35
ru
kz

«Сервис жақсарған». Вице-министр Ержан Еркінбаев Астанадан Алматыға мотоциклмен жетті

Қазақстан жаңалықтары
18.06.2024
00:24
«Сервис жақсарған». Вице-министр Ержан Еркінбаев Астанадан Алматыға мотоциклмен жетті
ҚР туризм және спорт вице-министрі Ержан Мәлікұлы Еркінбаев жақында еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.

Ержан Мәлікұлының айтуынша, ол ел аралауды бұрын жоспарлаған. Сол жоспары жақында іске асты. Вице-министр Астанадан Алматыға қымбат көлікпен емес, кәдімгі мотоциклмен жетуді шешіпті. Бұл бір жағынан саяхат болса, екінші жағынан жол бойындағы сервистің қаншалықты дамығанын көзбен көру екен.

«Еңбек демалысына шығып, ел аралау бұрыннан жоспарда болатын. Ойлағаным жуырда іске асты. Кең байтақ еліміздің сұлу табиғатын тамашалап, Астана-Алматы тас жолының бойымен мотоциклмен жүріп өттім. Бұл ретте, Көлік министрлігіне ерекше алғыс айтқым келеді. Жалпы, кейбір елді-мекендер маңындағы азын-аулақ жерлерді қоспағанда, жол жақсы жөнделген. Одан бөлек, жол бойындағы сервистер кәдімгідей жақсарған. Интернеттің бар болғаны көңіл қуантады. Әрине, ел-қала арасындағы қатынас, жолдың дамуы бизнестің жаңа деңгейге шығуына ықпал етері анық»,- дейді ҚР туризм және спорт вице-министрі.


Ол Талдықорған - Өскемен тас жолының құрылысы жақында аяқталатынын атап өтті.

«Өйткені, Алакөл жағажай демалысы әрбір отбасы үшін қолжетімді етері анық.Онымен қоса, Атырау-Астрахань тас жолының іске қосылуы бар. Әрине, көлік инфрақұрылымы ел туризмін жаңа бір деңгейге көтерері анық. Сондықтан үлкен жол, яғни трасса бойындағы игілікті көріп, іштей риза боп қайттым. Алға Қазақстан!», - дейді Ержан Еркінбаев.

 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.