19.09.2024
21:30:15
ru
kz

Өскемендегі Сібе көлдерінде жаңа жағажай ашылды

Қазақстан жаңалықтары
01.07.2024
13:10
Өскемендегі Сібе көлдерінде жаңа жағажай ашылды
Бүгін Сібе көлдеріндегі муниципалды жағажайдың ашылуы өтті. Шараға облыс тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Келушілер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 
 
Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев атап өткендей, маусым басталар алдында муниципалды жағажайдың аумағы толығымен абаттандырылды. Нысандағы балалар алаңының құрылысы жаңартылып, жағажайға құм төселді.
 
Сібе 5 көлден тұратын көпшілікке белгілі көл жүйесі. Таза және мөлдір су аудан тұрғындары мен қонақтарының, сондай-ақ кәсіби дайверлердің арасында өте танымал. 

Айта кетейік, туризм саласы басты бағыттардың бірі болып табылады.Туристік нысандарға бай Шығыс Қазақстан облысы еліміздің ең көрікті жерлерінің қатарына енген.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.