Устинка LIVE сайтының жазуынша, Түркияға баруды жоспарлаған туристер оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының жас футболшылары Халықаралық турнирге қатысу үшін билеттерді алдын ала сатып алған. Бірақ олар белгіленген күні ұша алмаған. Алданып қалған тұрғындар полицияға жүгінген.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында "Тропикана" турфирмасының қожайыны ұсталды.
«40-тан астам азамат полицияға шығымданып, шығын шамамен 100 миллион теңгені құрайды», деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Айта кетейік, "Тропикана" туристік фирмасы он жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеді.