фото: euronews.com
2026 жылғы 29 наурыздан бастап немістің әуе компаниясы Lufthansa Франкфурт-на-Майнеден Алматыға аптасына бес және Астанаға төрт тұрақты рейсті қайта іске қосады, деп хабарлайды TravillPress.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер үш қызмет көрсету класы бар Airbus A340-300 әуе кемесімен орындалады: толық жататын креслолары бар бизнес-класс, жайлылығы арттырылған премиум-эконом-класс және интерконтиненталдық эконом-класс.
-Әуе қатынасы шеңберлік қағидат бойынша жүзеге асырылады. Бұл әр қаладан тікелей рейстерді, сондай-ақ Алматы мен Астанада аралық қонумен орындалатын рейстерді ұсынады. Осылайша, Еуропа және Солтүстік Америка қалаларына әрі қарайғы түйісулерге мүмкіндік беретін ұшу нұсқалары көбейеді, - деп хабарлайды.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы шілдеде Lufthansa 2025 жылғы 26 қазан мен 2026 жылғы 29 наурыз аралығында Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтататынын жариялаған болатын. Ол кезде себеп ретінде Ресейдің әуе кеңістігін айналып өтуге байланысты шығындардың өсуі, ұшақтардың жетіспеушілігі және жолаушылар ағынының маусымдық төмендеуі аталған еді.