03.12.2024
22:22:53
ru
kz

Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 52-орынды иеленді

Қазақстан жаңалықтары
03.06.2024
15:05
Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 52-орынды иеленді
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қауымдастығымен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бурабай ауданындағы «Discovery Borovoe» қонақ үйінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізіп, жазғы туристік маусымға дайындығын талқылады.

Жуырда Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту бойынша жарияланған рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді. Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.

«Қаржыландырылған жобалардың нәтижесін қарайтын болсақ, дұрыс бағытта келе жатқанымызға көз жеткізуге болады. Бұл шаралар өңірдің одан әрі өсіп-өркендеуіне оң әсер ететініне сенімдімін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.


Аймақтағы тағы бір маңызды бағыттың бірі – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамти отыра, агротуризм саласын дамыту. Сонымен қатар Туризм және спорт министрі Ақмола облысында туризмнің барлық саласы дамып келе жатқанын, оның ішінде өңір емдеу-сауықтыру, рекреациялық және табиғи-ландшафтық туризм орталығына айналғанын атап өтті. Азаматтар мен туристер арасында қауіпсіздікті сақтау да өте маңызды дүние.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.