04.12.2024
13:30:31
ru
kz

Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

Қазақстан жаңалықтары
29.12.2023
12:57
Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды
Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Айбек Смадияров

— Ауғанстан билігін қолға алған «Талибан» қозғалысы біздің елде тыйым салынған ұйымдардың тізімінде болғанын білеміз. Қазір де бұл ұйым сол тізімде ме?

— Қазақстанда тыйым салынған аумақтық ұйымдардың ұлттық тізіміне оны өзектендіру мақсатында тұрақты түрде ревизия жүргізіліп тұрады. Аталған процесс аясында, БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, «Талибан қозғалысын» одан шығару туралы шешім қабылданды.

Ауғанстан

— Яғни, бүгінгі таңда БҰҰ да «Талибан» қозғалысын террористік деп таныған ұйымдар қатарынан шығарған болып тұр ғой?

— БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне кірмейді.

Ауғанстан

— Ендігі жерде Қазақстан мен «Талибан» арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар қалай жүргізілетін болады?

Саяси байланыстарға келер болсақ, Қазақстан бұдан әрі де Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанатынын атап өткім келеді.

Еске сала кетейік, бүгінде тәліптер әртүрлі елдермен, соның ішінде Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, әлемдік қауымдастық алдында өз беделін қалыптастыруға тырысып жатыр. Ең жақын көршілерімен белсенді сауда байланысын құруға күш салуда.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.