Бұл туралы "Kazakh Tourism" ҰК " АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Қайрат Серікұлының айтуынша, бірінші кезекте, туризмнің тұрақты дамуы есебінен қол жеткізілді. Экологиялық тұрақтылықты, әлеуметтік-экономикалық әсерді және сұраныстың тұрақтылығын бағалай келе осы санатта Қазақстан 40-шы орынға ие болды. World Economic Forum зерттеушілерінің пайымдауынша, Қазақстан туризм саласындағы мәселелерді тез шешіп, әлеуетті тәуекелдерді белсенді түрде жоюға тырысады екен.
Қазақстан барынша ашықтығы және бәсекеге қабілеттілігі жағынан "туристік сала саясаты және жағдай жасау" жіктемесінде 43-ші орынға ие болды. Бұл чарт туризмге саяси және стратегиялық аспектілердің әсерін көрсетеді.
"Қазақ туризм" басшысы оның ұжымы табиғи, мәдени ресурстарды сауатты басқаратынын мақтанышпен атап өтті. Осы драйверлердің арқасында Қазақстанға "туристік ресурстар"рейтингінде 44 орын берілді."Қазақстан "қолайлы орта" шкаласы бойынша 47-ші тұр. Бұл дегеніміз Қазақстанда бизнес-ахуал, еңбекті қорғау, денсаулық сақтау, еңбек ресурстары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеткілікті дамыған. Осылайша, инвесторлар біздің елде өз қызметін қауіпсіз жүргізе алады", - дейді Қайрат Сәдуақасов.