26.08.2025
04:51:49
ru
kz

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде мақсатты грант иегерлері анықталды

Қазақстан жаңалықтары
25.08.2025
09:05
Халықаралық туризм және меймандостық университетінде мақсатты грант иегерлері анықталды

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде мақсатты грант иегерлері анықталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бөлген мемлекеттік білім беру гранттарының нәтижесінде Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 2025–2026 оқу жылына арналған грант иегерлерінің тізімі жарияланды.


 

Байқауға еліміздің барлық өңірінен 828 талапкер қатысты. Университетте «Туризм», «Тынығу ісі», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Биыл барлығы 680 грант бөлінді. Құжаттар 20 маусым мен 15 тамыз аралығында қабылданып, қорытындысы 19 тамыз күні шығарылды.


 

Халықаралық туризм және меймандостық университеті – еліміздегі туризм саласына кәсіби мамандар даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны. Университет халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламаларын ұсынып, қонақжайлылық индустриясының дамуына үлес қосатын мамандарды дайындайды. Оқу барысында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ шетелдік серіктес университеттермен академиялық алмасу бағдарламалары іске асырылады.


 

Қазіргі уақытта университетте кадрларды даярлау мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Бакалавриат деңгейінде 12 мамандандырылған білім беру бағдарламасы бар. Жалпы студенттер саны – 2 919. 2024 жылдың маусымында алғашқы түлектер оқуын аяқтап, 460 студентке диплом табысталды. Олардың 437-і еңбек нарығында өз орнын тауып, бұл көрсеткіш түлектердің 95 пайызын құрады.


 

Университет базасында жалпы құны 360 млн теңгені құрайтын 5 ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар университеттің «Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» атты ғылыми журналы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жанындағы Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне енді. Бұл университет ғалымдарының ғылыми-әдістемелік әлеуетінің жоғары деңгейін айғақтайды.


 

Биылғы грант иегерлері туризм саласының бәсекеге қабілетті мамандарына айналып, ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі – туризм индустриясын дамытуға өз үлесін қосатын болады.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.