30.06.2025
21:05:04
ru
kz

Горельник шатқалында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі бой көтермек

Қазақстан жаңалықтары
26.06.2025
16:16
Горельник шатқалында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі бой көтермек

Горельник шатқалында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі бой көтермек, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Қыркүйек айында Алматының маңындағы Горельник шатқалында ұзындығы 77 метр болатын Arman-köpir атты жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға беріледі. Көпір шатқалдың екі жағын жалғап, оқушыларға арналған болашақтағы «Мың бала» спорт клубына жол ашпақ.


 

Жоба Еуропа таулы аймағында аспалы көпір салумен танылған швейцариялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Көпір жер бедеріне бейімделіп салынған, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.


 

Сонымен қатар балалар мен спорт топтарының және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік беретін мынадай нысандар салынады:


 

• ауданы 912 м² спорт залы

• балалар мен спорт командаларына арналған 12 модульді тұрғын капсула

• ашық аспан астында жаттығу жасауға арналған арнайы алаң


 

Көктемде осы шатқалда ұзындығы 285 метрлік жарықпен және тынығу бұрыштарымен жабдықталған «Жұмбақ жол» экосоқпағы ашылған болатын.


 

Бұл жобалар экотуризмді дамытуға, табиғатты аялауға жол ашып, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.