19.09.2024
22:05:15
ru
kz

Енді Шымкент және Алматыға елордадан қосымша пойыздар жүреді

Қазақстан жаңалықтары
11.06.2024
12:55
Енді Шымкент және Алматыға елордадан қосымша пойыздар жүреді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ оңтүстік бағытта қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Пойыздар №204/203 «Астана-Шымкент» және №202/201 «Астана-Алматы» бағыттары бойынша күнделікті 17 маусымнан 31 тамызға дейін жүреді. Қосымша пойыздарға билеттер bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол вокзалдарының кассаларында қолжетімді.
  
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды.

Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.
 
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірінен немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми инстаграм аккаунтынан @jolaushylar_tasymaly білуге болады.
 
Қосымша пойыздарды іске қосу жазғы кезеңде жолаушылар санының артуына байланысты сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.