15.08.2025
14:45:16
ru
kz

Алматыдағы Орталық саябақты жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Қазақстан жаңалықтары
11.08.2025
20:38
Алматыдағы Орталық саябақты жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Алматы әкімі Орталық саябақты жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Орталық саябаққа барып, жаңарту жұмыстарының нәтижесін көріп қайтты.


 

Соңғы жылдары мұнда жасалған игі іс аз емес. Жаңа фуд-корт бой көтеріп, спорт және балалар алаңдары, скейт-парк салынды.


 

Сондай-ақ, субұрқақтар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолдарының 70 пайыздан астамы ретке келтірілді. 10 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Дегенмен саябақтың кей жері біршама ескірген, жөндеуді қажет етеді.


 

Сондықтан әкім оны жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды. Мақсат -тұрғындардың сүйікті демалыс орнын бұрынғыдан да жайлы ету.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.