22.10.2024
14:35:29
ru
kz

Алматы әуежайында Visit Almaty атты ақпараттық орталығы ашылды

Қазақстан жаңалықтары
21.10.2024
22:08
Алматы әуежайында Visit Almaty атты ақпараттық орталығы ашылды
Алматы әуежайында Visit Almaty жаңа ақпараттық орталығы ашылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалында Visit Almaty ақпараттық орталығы жұмысын бастады. Бұл қаладағы әртүрлі жерлерде орналасқан ақпараттық орталықтар желісінің оныншы нүктесі.

Орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Халықаралық, сондай-ақ ішкі туристерге ақпараттық және кеңес беру көмегін ұсынады. Күндізгі және түнгі ауысымда жұмыс істейтін білікті кеңесшілер шетелдік туристерге қаладағы бағыт-бағдар бойынша, көрікті жерлерді табуға көмектеседі. Сонымен қатар, мәдени іс-шаралар мен туристік маршруттарға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Орталықта туристер үшін арнайы аймақ жабдықталған. Бұл аймақта туристер жүк сөмкелерін жоғалтып алған жағдайда немесе басқа да күтпеген жайттар орын алған сәтте, тек көмек алып қана қоймай, өз мәселелерінің шешімін қолайлы жерде күтуге мүмкіндік алады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.