Air Astana алғашқы Алматы-Дананг рейсін орындады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
2025 жылғы 4 маусымда Air Astana A321LR әуе кемелесімен Алматы-Дананг (Вьетнам) бағыты бойынша тікелей рейстерді жүзеге асыра бастады.
Рейстер аптасына 2 рет орындалады: сәрсенбі және сенбі күндері. 2025 жылғы 14 мамырда әуе компаниясы аптасына 2 рет жиілікпен Астанадан Данангке ұшуды бастады.
Қазақстаннан Вьетнамға аптасына рейстердің жалпы саны Астана мен Алматыдан Нячангқа рейстерді қоса алғанда 11 болды.
Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.
Дананг - елдің орталық бөлігінде Оңтүстік Қытай теңізінің жағалауында орналасқан Вьетнамдағы ірі порт қаласы. Ең танымал көрікті жерлердің арасында: My Khe және Non Nuoc жағажайлары Мәрмәр таулары, Ба На төбелеріндегі Алтын қолдар көпірі. Данангтан бір сағат қашықтықта ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра объектілері тізіміне енгізілген тарихи Хойан қаласы орналасқан.