06.05.2025
12:38:48
ru
kz

5 мамырдан бастап өзбек әуе компаниясы елімізге ұша бастайды

Қазақстан жаңалықтары
03.05.2025
11:45
5 мамырдан бастап өзбек әуе компаниясы елімізге ұша бастайды
«My Freighter» (Centrum Air) өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

 Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстердің санын арттыру жұмысы жалғасуда.

Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Әуе компания Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.