Amazon Prime командасы тревел-шоу түсіру үшін Алматыға келе жатыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Travel by Dart – әлемдік танымал шоудың түсірілім өтетін орны әлем картасына лақтырылған дарт арқылы анықталады. Бағымызға орай бұл жолы бағдарлама біздің қалмызға жол тартты.
Түсірілім келесі аптада басталады. 400 миллионнан астам әлемдік көрермен Алматыда қазақтың салт-дәстүрінен бастап, басты көрікті жерлеріне дейін қаланың қызықты жерлерін, мәдени мұрасын тамашаламақ.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.