Оманмен тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілуде, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Биыл 18 маусымнан бастап "Salam Air" Оман әуе компаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.
Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.