19.09.2024
22:06:22
ru
kz

1 шілдеде алғашқы туристік пойыз Сианнан Алматыға келеді

Қазақстан жаңалықтары
12.06.2024
13:38
 1 шілдеде алғашқы туристік пойыз Сианнан Алматыға келеді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Сиань қаласы мэриясының (ҚХР) басшылығы ҚХР-дан Алматыға алғашқы туристік пойызды іске қосу бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Тараптар 2024 жылғы 26 маусымда Сиань қаласынан құрамды іске қосуға және оның 1 шілдеде Алматыға келуін ұйымдастыруға келісті.
 
Құрамында 246 жолаушы жеткізетін 9 вагон болады деп жоспарлануда. Пойыз Қорғас — Алтынкөл шекара өткелі арқылы өтетін болады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.