Бұл туралы kaktus.media сайты жазды.
Жер асты жол Жалал-Абад облысының Созақ ауданында орналасқан.
Ведомствоның хабарлауынша, туннельдің тереңдігі 15 метр,ал ұзындығы 130 метрге жетеді. Қырғызстан шекарасына дейінгі қашықтық - 50 метр. Жер асты жолының биіктігі 1 метр 70 сантиметр.
"Туннель көршілес Өзбекстан шекарасына жақын орналасқан Созақ ауданының Бек-Абад ауылының тұрғынының үйінен табылды", - деп атап өтті Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.
Контрабандалық арнаны ұйымдастырды деген күдікпен 37 жастағы тұрғын ұсталды. Ол туннелді контрабанда және заңсыз көші-қонға пайдаланған.