Қосымша қала маңы пойыздары жаңа жыл қарсаңында 3 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жолаушылар санының көбеюіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ ең сұранысқа ие қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздарын тағайындайды.
Қосымша қала маңы электр пойыздарының қозғалыс кестесі:
1. №6803/6804 «Астана-1 – Атбасар»
Жүру күндері: 2025 жылғы 17 және 30 желтоқсан
• «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 08:38, Атбасар станциясына келуі — 12:50;
• Атбасар станциясынан кері жөнелтілуі — 14:50, «Астана-1» станциясына келуі — 18:57.
2. №7510/7509 «Астана-1 – Павлодар»
Жүру күндері: 2025 жылғы 29 және 31 желтоқсан
• «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 15:30, Павлодар станциясына келуі — 22:06;
• Кері жөнелтілуі (келесі тәулікте) Павлодар станциясынан — 11:10, «Астана-1» станциясына келуі — 18:05.
3. №7515/7516 «Астана-1 – Бурабай курорты»
Жүру күндері: 2025 жылғы 29, 30 және 31 желтоқсан
• «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 20:25, Бурабай курорты станциясына келуі — 23:01;
• Кері жөнелтілуі — 23:25, «Астана-1» станциясына келуі — 02:10.
Қосымша рейстердің тағайындалуы мереке күндері 3 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға ықпал етеді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға билеттерді алдын ала сатып алуды және қала маңы бағыттарында сұраныстың жоғары болатынын ескеруді ұсынады.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы қосымша стандартты жолаушылар пойыздарын — №201/202 «Алматы-2 – Астана-1», №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент», №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол», сондай-ақ тіркеме вагондарды тағайындаған. Бұл пойыздар мереке күндері 53 мыңнан астам қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді.
Толығырақ ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады. Пойыздардың қозғалысы туралы мәліметтерді ресми онлайн-табло сайтында https://tablo-railways.kz/ru/ қолжетімді.
