09.12.2025
19:21:46
ru
kz

Халықаралық көрмеде автотуристерге арналған маршруттар ұсынылды

Қазақстан жаңалықтары
09.12.2025
16:25
Халықаралық көрмеде автотуристерге арналған маршруттар ұсынылды

Халықаралық көрмеде автотуристерге арналған маршруттар ұсынылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Қазақстанның автомототуризм қауымдастығы «Ката» Ресейде өткен жыл сайынғы «Поехали 2025»  халықаралық автомототуризм және саяхат көрмесінде Қазақстанды таныстырды. Ұлттық экспозиция еліміз бойынша өздігінен саяхаттауға мүмкіндік беретін маршруттармен саяхатшылардың назарын аударды.


 

Көрмеге келушілер Ұлытау облысына арналған интерактивті жолсілтемеге үлкен қызығушылық білдірді. Ол сапарды жоспарлауға көмектеседі және өңірдің негізгі көрікті жерлерімен таныстырады. Гид экспедициялық бағыттарды, табиғи және тарихи орындар, қонақ үйлер, мейрамхана және өзге де туристік инфрақұрылым объектілері туралы ақпаратты және автосаяхатшыларға ұсыныстарды қамтиды.


 

«Ката» қауымдастығы жолсілтемені Ұлытаудың бай мәдени-тарихи мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беру үшін әзірледі.

 

Сонымен бірге экспозицияда еліміздің солтүстігіндегі және Қызылорда облысындағы туристік локациялар бойынша маршруттар ұсынылды. Оның ішінде «Байқоңыр» кешені де бар. 


 

Халықаралық көрме еліміз бойынша авто-, мото- саяхаттарды дәріптеуге қосымша мүмкіндіктер ұсынды.


 

Атап өткен жөн, өткен жылы РФ келушілер есебінен елімізге түскен кіріс 704 млн АҚШ долларын құрады. Биыл алғашқы жартыжылдықта бұл көрсеткіш 361 млн АҚШ долларына жетті.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить