14.01.2026
14:08:16
ru
kz

Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?

Қазақстан жаңалықтары
14.01.2026
11:53
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушыларға еске салады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәоім етті. 


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызға алып өту әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. 

 

Пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды?

 

● Жарылғыш заттар мен құрылғылар, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдар: салюттер, фейерверктер және жарылыс қаупі бар өзге де заттар.

● Радиоактивті, есірткілік және психотроптық заттар, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар мен химиялық қоспалар: мысалы, бензин, метил эфирі, метанол және сол сияқты қауіпті заттар.

● Тұтанғыш қатты заттар. Улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар (сұйық немесе қатты күйде).

● Инфекциялық немесе биологиялық тұрғыдан қауіпті материалдар: жұқпалы ауру тудыруы мүмкін заттар мен оларды қамтитын бұйымдар.

● Барлық түрдегі қару-жарақ: атыс қаруы, лақтырмалы, электрлі, механикалық, газды және травматикалық қару, сондай-ақ, суық қару: пышақтар, қанжарлар, штык, қылыш, палаш, ятаган, тесаки, кастет, кистень, стилет, шашка, семсер және соққы-дробящий әсері бар өзге де заттар.

● Оқ-дәрілер мен патрондар: соғысқа арналған, жарық-дыбыстық, холостық, травматикалық әсері бар, аңшылыққа арналған жабдықталған патрондар және басқа да атуға жарамды снарядтар.

 

Сапар алдында жолаушылар вокзалдарда міндетті түрде қауіпсіздік тексеруінен өтеді. Бүгінде еліміздің ірі теміржол вокзалдары рентген-телевизиялық қондырғылармен, стационарлық және қол металл детекторларымен, сондай-ақ портативті анықтау құрылғыларымен толық жабдықталған. Сонымен қатар, бейнебақылау, дабыл беру және күзет жүйелері үздіксіз жұмыс істейді. 

Жолаушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері қамтамасыз етеді.

 

Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында пойыздарда бейнебақылау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазіргі уақытта Тальго пойыздарының 630 вагонына (24 құрам) 1 350 бейнекамера орнатылған. Сонымен қатар 19 бағытта жүретін 46 мейрамхана және бар-вагонда қосымша 92 камера іске қосылды. Барлық бейнематериалдар Ситуациялық орталыққа тікелей түсіп, онда мамандар әрбір төтенше немесе стандарттан тыс жағдайды жедел талдап, тиісті шешімдер қабылдайды.


 

Компания жолаушыларды бекітілген ережелерді сақтауға және қауіпсіз әрі жайлы сапарды қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.


 

 


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить