02.04.2025
13:10:10
ru
kz

Алматыда шетелдік құқық бұзушылар елден шығарылды

Оқиғалар
27.02.2025
09:00
Алматыда шетелдік құқық бұзушылар елден шығарылды
Алматыда шетелдік құқық бұзушылар елден шығарылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлім етті. 37 заңсыз мигрант Отанына қайтарылды. Мәселе, Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзып жүрген Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары туралы болып отыр. Полиция қызметкерлері оларды “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.

“Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 330 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 28 шетелдік ҚР-дан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 2 319 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 89 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 10 жұмыс беруші жауапқа тартылды”, – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.