09.12.2024
00:30:42
ru
kz

Алакөлде құлаған дельтапланның ұшуға рұқсат сертификаты болмаған

Оқиғалар
29.07.2024
10:44
Алакөлде құлаған дельтапланның ұшуға рұқсат сертификаты болмаған
Алакөлде құлаған дельтаплан азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде тіркелмеген, тиісінше оның ұшуға жарамдылығы сертификаты болмаған, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ұшқышта авиация персоналының қолданыстағы куәлігі жоқ.

Әуе кемесінің құлау себептерін тергеумен құқық қорғау органдары айналысады. Әлеуметтік желілерде әуе кемелерінде, шарларда және басқа да ұшу аппараттарында әуе сапарларын жарнамалау жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты барша азаматтарға үндеу жолдайды.


Әуе көлігін таңдау кезінде қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін ескеру маңызды:

- әуе кемесінің иесінің уәкілетті органдар берген барлық қажетті лицензиялары мен сертификаттары бар екеніне көз жеткізіңіз;

- әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету қашан жүргізілгенін біліңіз;

- ұшқыштың тәжірибесі мен біліктілігі туралы біліңіз. Оның әуе кемесінің белгілі бір түрін басқару үшін жеткілікті тәжірибесі болуы қажет;

- әуе кемесінің иесі өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, соның ішінде жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандырғанына көз жеткізіңіз;

- ұшу алдында қауіпсіздік бойынша нұсқама мен көрсетілім өткізілуі тиіс. Бұл сізге төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуге көмектеседі;

- барлық апаттық-құтқару жабдықтары (мысалы, құтқару кеудешелері) жарамды күйде екендігіне көз жеткізіңіз;

- ұшу алдында ауа-райының ұшу үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз. Қолайсыз ауа-райында ұшудан аулақ болыңыз.
 
Айта кетейік, 25 шілдеде Алакөл көлінде әуе кемесінің құлауынның салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген болатын.
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.