Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ.
"Бүгін 2024 жылдың 25 шілдесінде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында сағат 17.15-те дельтаплан апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде. Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілетін болады", - делінген ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.