01.07.2025
00:13:39
ru
kz

Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйде ұсталды

Оқиғалар
25.04.2024
17:40
Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйде ұсталды
Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

2024 жылғы 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды. 

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғы үнемі тексеріліп отырады.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.