21.12.2024
21:12:24
ru
kz

KITF 2024 көрмесінде халықаралық туризмнің әлемдік трендтері мен негізгі инновациялары таныстырылады

Іс-шаралар
13.03.2024
13:35
KITF 2024 көрмесінде халықаралық туризмнің әлемдік трендтері мен негізгі инновациялары таныстырылады
2024 жылдың 24-26 сәуір аралығында «Атакент» (алматы қаласы) көрме кешенінің павильондарында қазақстандық халықаралық «туризм және саяхат» KITF 2024 көрмесі өтеді.


KITF – бүкіл Қазақстандағы туризм саласының кәсіби мамандарының күнтізбесіндегі баруға маңызды іс – шаралардың арасындағы №1 тармақ. Сонымен қатар, оның рейтингі мен тұрақты позициясы халықаралық туристік қауымдастықтың тізімдерінде әрқашан жоғары болып, әлемнің түкпір – түкпірінен мыңдаған қатысушылар мен келушілерді тартады. 2024 жылғы көрме тиімді желі құруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жаңа іскерлік серіктестіктерге қол жеткізуге арналған алдыңғы қатарлы жаңа өнімдер мен ең озық құралдарды ұсынады, бұл әлемдік туристік индустрияның одан әрі дамуы мен өркендеуіне ықпал ететіні сөзсіз.

 
 2024 экспозициясы
 
Әзірбайжан, Беларусь, Вьeтнам, Грузия, Египет, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Ресей, Словения, Сауд Арабиясы, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Хорватия, Чeхия, Черногория, Оңтүстік Корeя, Жапониядан 300-ден аса компания дестинациялардың кең мүмкіндіктері мен жаңа туристік өнімдерін ұсынады. Дәстүр бойынша экспо-шара Халықаралық және ішкі туризмді, медициналық туризмді, MICE туризмді, брондау жүйесі бойынша IT-шешімдерді және сақтандыруды қоса алғанда, туризмнің әртүрлі бөлімдерін қамтиды. Ауқымды ұлттық стендтерге бірігіп, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Таиланд, Өзбекстан, Хорватия, Оңтүстік Корея компаниялары өз ерекшеліктерімен таныстырады. Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласы, Алтай өлкесі, Камчатка өлкесі, Ставрополь өлкесі сияқты жекелеген аймақтары ұжымдық аймақтық стендтерімен таныстырылады.

 
Көрменің жаңа қатысушылары
 
Жаһандық туризмнің қайта өрлеу дәуірінде KITF 2024 индустрияның инновациялық идеялары мен тенденцияларының эпицентріне айналуға дайындалуда. Бұл көптеген дебютант компаниялардың болуына байланысты. Көрмеге алғаш рет Mixvel брондау жүйесі, Marianske Lazne (Ensana Hotels), Amanat сақтандыру компаниясы, Mega Travel Market онлайн брондау жүйесі, Солтүстік шұғылаға ұмтылу бойынша эксклюзивті саяхат ұсынысы бар Полярлық Саяхат Клубы, Ozen Turistik, қазақстандық TRAVELLER туроператоры, Фукуок аралының топтық стенді және басқа да қонақ үйлер және біріккен экспозицияларда орналасқан көптеген компаниялар қатысады.

 
Көрменің іскерлік бағдарламасы
 
Алдыңғы KITF Travel Forum алаңдарының тәжірибесін еске түсіре отырып, көрменің мазмұндық бөлігі мамандар тарапынан қызу қызығушылық пен белсенді қатысуды тудыратынын сенімді түрде атап өтуге болады. Стартап-жобаларды таныстырудың негізгі блогында шекарааралық мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламалары, нарық флагмандарынан сессиялар, интерактивті сессиялар, панельдік пікірталастар форматында индустрияның өзекті мәселелерін шешу, саланың жетекші мамандарының мастер-класстары мен дөңгелек үстелдері өтеді. Kazakh Tourism Қытайдағы Қазақстандық туризм жылына арналған жоспарларын жариялап, «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024-пен» таныстырады және көрші елдердің мемлекеттік құрылымдарының қатысуымен «Алға, Қазақстан!» дөңгелек үстелінің қатысушысы болады. Өз кезегінде FUN & SUN Travel, Орталық Азия Еуразия Қоры, Туристік Қамқор, Premium Travel, Air Astana, Amanat Insurance, Ensana Health Spa Hotels, TRAVELLER, Әзірбайжан Республикасының Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігі тыңдаушыларға өз сессиялары аясында талқылау үшін өзекті тақырыптармен таныстырады. KITF TRAVEL TECH өзекті мәселелерді көтереді және туризмнің цифрлық секторындағы жаңа шешімдер туралы айтады. Көрме соңында «Almaty Travel Fest» саяхатшылар форумы өтеді.

 
ITECA.EVENTS пен жаңа мүмкіндктер
 
Биылғы жылдың жаңалығы ол кездесулерді тағайындау және тікелей байерлердің байланыстарын жинау жүйесінің іске қосу болды! ITECA.EVENTS қосымшасының негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Қосымша жасанды интеллект, кездесулерді тағайындау, лидтерді жинау және ең өзекті ақпаратты оңтайлы пайдалану мүмкіндіктері мен байланыс алмасуды жақсарту үшін озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.
Ресми қолдау
 
KITF 2024 көрмесінің ресми серіктесі - KOMPAS компаниясы. Көрменің іскерлік бағдарламасының серіктесі TRAVEL SUCCESS ACADEMY.
 
Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

KITF – жаңа ойлар туындайтын, іскерлік байланыстар орнатылатын және туризм индустриясының болашағы қалыптасатын орын!
 
KITF 2024 туралы қосымша ақпаратты, сонымен қатар іс-шаралар бағдарламасы, қатысушылар тізімі және тіркеу туралы ақпаратты білу үшін көрменің ресми веб-сайтына кіріңіз: www.kitf.kz
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.