08.12.2024
01:31:13
ru
kz

Саяхатқа арналған күзгі лайфхактар

Білгенге маржан
28.10.2024
14:19
Саяхатқа арналған күзгі лайфхактар
Күзде туристер саны азайып, мәдени іс-шаралар көбейетіндіктен күзгі саяхат оңай әрі қызық бола түседі, деп хабарлайды Travelpress.kz. 
 
Әр саяхатшы нені білуі керек?  
 
Саяхатқа арналған киім 

Аз ғана орын алатын қалың әрі ыңғайлы киім алыңыз. Жиналатын күрте мен жаңбырдан қорғайтын күрте алыңыз, одан бөлек ұшаққа қалың жейде немесе жамылғы ала барыңыз.  
 
Қол жүгі 

Күртеңізді қол жүгіне саламын десеңіз сөмкеңіздің көлемі мен салмағын алдын ала өлшеп алыңыз. Күртеңізді салғаннан кейін салмағы 8 кг-нан аспауы керек.  
 
Жүк 

Екінші рейске дейінгі уақыт тым аз болғанда жүк жиі жоғалатынын білесіз бе? 3 сағат не одан ұзақ күтетін рейсті таңдап, жүгіңіздегі бұған дейін жабыстырылған қағаздарды алып тастаңыз.  
 
Рейстің кешіктірілуі 

Күзде ауа райы құбылмалы болуы мүмкін, сондықтан балаңызды ұзақ күтіп қалғанда алаңдатуға қажет ойыншық пен тіскебасар ала шығыңыз. Бірнеше рейсті таңдасаңыз, барлығын бірге рәсімдеңіз. Сол кезде бірінші рейс кешіктірілсе, екінші рейс билетін тегін ауыстырып береді.  
 
Сақтандыру мен қайтару 

Қонақүйде бөлме жалдап, әуебилеттерін, экскурсияға билет сатып аларда қайта брондау, кері қайтару талаптарына назар салыңыз. Икемді шарттар қалтаңызға салмақ салмай өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.  
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.