08.12.2024
01:25:08
ru
kz

Әлемде туризмді мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары бар?

Білгенге маржан
29.12.2023
14:45
Әлемде туризмді мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары бар?
Бүкіл әлем бойынша туризм саласы орасан зор шығынға ұшырады және әлі күнге дейін толық қалпына келген жоқ. Әрине, коронавирустық пандемия бүкіл әлемдік экономикаға үлкен зиян келтірді, ал туризм индустриясы ең көп зардап шекті. БҰҰ-ның «Пандемиядан кейінгі туризм» материалының деректері бойынша жаһандық ЖІӨ-нің 70% қысқаруы туризм саласындағы шығындармен байланысты.
 
Елдер, соның ішінде Қазақстан шекаралардың жабылу салдарымен қалай күресуде және проблемаларды шешу үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде – мақалада толығырақ тоқталайық. Ол үшін әр түрлі елдердегі туризмді субсидиялау мысалдарын қарастырамыз.
 
Грекиядан басатасақ. 2022 жылы осы елдің парламенті туризмді дамыту туралы арнайы заң қабылдады. Туристік бизнес саласындағы кәсіпорындар мен инвесторлар қаржыны қолдау құралдарының кең спектрін қолдана алды. Greek Travel Pages Headlines порталына сәйкес, заң орталық емес туристік нысандарды жаңартуды қаржыландыру; өз қуатын жаңартқысы немесе кеңейткісі келетін ірі кәсіпорындарға қолдау көрсету және Оңтүстік және Солтүстік Эгей теңіздерінде, Критте, Пелопоннесте және Батыс Македонияда кәсіпорындарға көмек көрсетуді 10 пайызға арттыру сияқты көптеген нормаларды қамтыды.
 
«Даму туралы заң: Грекия – күшті өсу» заңы салықтық жеңілдіктер, субсидиялар, лизингтік субсидиялар, жұмыс орындарын құруға және туризмнің әр түрлі салаларындағы стартаптар үшін бизнес тәуекелдерін қаржыландыру түрінде көмекті көздейді.
 
Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап туризммен айналысатын бизнес иелері жобалар даму туралы мемлекеттік заңның талаптарына сәйкес келген жағдайда қаржыландыру мен гранттарға өтінім бере алады. Грекияның Даму және инвестициялар министрлігі 2023 жылға 150 миллион еуро жалпы сомасына туризмге инвестицияларды қаржыландыруды жариялады.
 
Бұған қоса, Грекияның 200 000 тұрғыны жыл сайынғы «Барлығына арналған туризм» ішкі демалысты субсидиялау бағдарламасының онлайн платформасын іске қосу арқылы ішкі демалысқа субсидия алады. Осы мақсаттарға 2023 жылы 31 миллион еуро бөлінді.
 
Түркия. Global Trade Alert ұйымының мәліметтеріне сәйкес Түркия үкіметі 200 немесе одан да көп адам сыйымдылықтағы ұшақтарда кемінде 150 туристті тасымалдайтын чартерлік рейстерге субсидияларды 30%-ға ұлғайтты. Әуе билеттеріне субсидиялар бастапқыда 2016 жылы елдегі туристер санын көбейту үшін енгізілді. Бастапқы субсидия сомасы бір рейске 6000 АҚШ долларын құрады. Халықаралық және ішкі рейстер, сондай-ақ жергілікті және шетелдік авиакомпаниялар бастапқы және жоғары субсидиялауға құқылы.
 
Бұдан басқа, Түркияның даму стратегиясына басты назар туристік инфрақұрылымға инвестиция салу және жер беру болып табылады. Сондай-ақ, стратегия мақсатында туристік сала үшін салықтық ынталандырулар мен төмен мөлшерлемелі кредиттердің қажеттілігі көрсетіледі.
 
Грузия. Investingeorgia.org сайтының деректеріне сәйкес кредитік құрамдас шеңберінде Enterprise Georgia агенттігі (Грузия Экономика министрлігінің жанындағы бизнестің өсуіне, экспортты ілгерілетуге және инвестицияларға жауапты мемлекеттік агенттік) минус 5% ұлттық қайта қаржыландыру мөлшерлемесімен анықталатын кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялайды. Лизингтік құрамдас жағдайында агенттік минус 3% ұлттық қайта қаржыландыру мөлшерлемесімен айқындалатын кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялайды. Кредит шеңберінде агенттік 10 жыл мерзімге кредиттің негізгі сомасының 60%-дан аспайтын мөлшеріне кепілдік береді. Кредит/лизингтік жобаның ең төменгі сомасы 50 000 лари (20 мың АҚШ доллары), ең көп сомасы – 10 000 000 лари (3,7 млн АҚШ доллары) құрайды. Кредиттің кем дегенде 50%-ы күрделі шығындарға және 50%-ы айналым/операциялық капиталға қолданылуы тиіс.
 
ЕО-ның «Пилоттық өңірлер» бағдарламасы шеңберінде – 50 000 лариден бастап (20 мың АҚШ доллары) 4 500 000 лариге дейінгі (560 мың АҚШ доллары) мөлшерінде кредит болған жағдайда пилоттық өңірлерден бенефициарлар 10-20% грант алады.
 
Жапония. The Japan Times газетінің хабарлауынша, үкімет пандемиядан кейін туристік индустрияны қалпына келтіруге қолдау көрсету үмітімен ішкі саяхатты субсидиялау бағдарламасын ұзартуды жоспарлап отыр.
 
Үкімет қолдайтын Ұлттық саяхат жеңілдіктері бағдарламасы көлік және тұру субсидияларын, сондай-ақ тамақтану және басқа сатып алулар үшін пайдалануға болатын купондарды ұсынады.
 
Саяхатшылар 20% жеңілдік ала алады, оның максималды сомасы көлікті қоса алғанда, тұруға бір адамға бір түнге 5000 иен ($33) құрайды. Бұдан басқа, саяхатшылар жұмыс күндері саяхаттаса, күніне бір адамға 2000 иен ($13) сомасына ваучер алады, ал демалыс күндері 1000 иен ($7) сомасына ваучер алады, оны мейрамханалар мен кәдесыйлар үшін пайдалануға болады.
 
Тайланд ішкі туризмді дамыту үшін қонақ үйлерге субсидиялар мен күнделікті ваучерлер ұсынады. Bangkok Post жазғандай, Министрлер кабинеті туризмді ынталандыру үшін 3,95 миллиард бат (110 миллион АҚШ доллары) мөлшерінде бюджетті бекітті, оның ішінде ақпаннан қыркүйекке дейін 2,02 миллиард бат (57 миллион АҚШ доллары) тұру жеңілдіктері мен гастрономиялық турларға жолдамалар. Үкімет нөмір құнынан 40% төлейді, бірақ тәулігіне 3000 баттан (84 АҚШ доллары) артық емес. Әрбір өтініш берушінің бес түннен аспайтын тұруға құқығы бар.
 
Бағдарлама шамамен туризм және онымен байланысты сектордың 11 миллион қызметкеріне пайда әкеліп, ұлттық экономикада 12,5 миллиард бат (350 миллион АҚШ доллары) айналымға әкелуі тиіс. Бюджеттің қалған 1,93 миллиард баты (37 миллион АҚШ доллары) тайландтық және шетелдік туристерді бүкіл ел бойынша көбірек саяхаттауға ынталандыру үшін пайдаланылады.
 
Сауд Арабиясы авиакомпаниялар үшін корольдікті әлем қалаларымен байланыстыруға ынталандырулар жасайды. Сауд Арабиясы 2030 жылға қарай 100 миллион туристті тартуға ниетті деп хабарлайды skift.com сайты. Үкімет авиатасымалдаушыларға осы бағыттарды әлемнің ірі қалаларымен байланыстыруға көмектесу арқылы осы уақытқа дейін тиімсіз деп саналған маршруттар бойынша рейстерді қаржыландыруды ұсынады. Бұл шаралар кез келген тасымалдаушы үшін қолжетімді және Цюрих пен Барселонаға ұшу туралы келісімге қол қойылды. Корольдіктің «Пайымдау 2030» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруға бағытталған стратегияның шеңберінде авиация мемлекеттік инвестициялар қорының назарын аударатын негізгі сектор болып табылады. Сауд Арабиясы 2030 жылға қарай оның авиакомпаниялары жыл сайын 330 миллионнан астам жолаушы мен 5 миллион тонна жүк тасымалдайды, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша 250-ден астам бағытқа әуе қатынасын орнатады деп күтеді.
 
Қазақстан. Қазақстан Үкіметі туризм индустриясын мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын қабылдауда. Мысалы, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын субсидиялау қағидалары күшіне енді, оның шеңберінде туризм саласындағы бірнеше бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуға болады – жол бойындағы сервисті қоса алғанда, туристік қызмет объектілерін салу немесе реконструкциялау кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу (шығындардан 10%), туристік қызметті жүзеге асыратын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындарды өтеу (25%), әкелінген әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға төлем (15 мың теңге), тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу шығындарын өтеу (25 %). Kids go free бағдарламасын ерекше атап өтуге болады – ҚР аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау – балалар авиабилетінен 100%.
 
Жоғарыда аталған барлық шаралар кіріс және ішкі туризмді дамытуды бастау үшін күшті серпін беруі тиіс.

2024 жылдан бастап Өзбекстан да Қазақстанның үлгісі бойынша өзінің туристік саласына субсидия салады – келген әрбір турист үшін 100 АҚШ долларына дейін төлемдер көзделген. 
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.