Туристке жол жүру ақысын артық төлеткен 27 жастағы таксист ұсталды

Оқиғалар
04.09.2024
15:57
Туристке жол жүру ақысын артық төлеткен 27 жастағы таксист ұсталды
Алматы полициясы шетелдік туристке жол жүру ақысын артық төлеткен таксистті ұстады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл  туралы Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы полиция қызметкерлері, әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Үндістаннан келген туристке жол жүру ақысын артық төлеткен 27 жастағы жігітті ұстады. Тексеру барысында азаматтың тиісті құжаттарынсыз жеке тасымалдаумен айналысқандығы, өз қызметін азаматтардың мазасын ала отыра ұсынғандығы, сондай-ақ оны ұстау кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағандығы анықталды. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.