23.07.2024
02:22:15
ru
kz

Канадалық студент оқуына ұшақпен ұшып барады

Шетелдік жаңалықтар
19.02.2024
09:30
Канадалық студент оқуына ұшақпен ұшып барады
Британ Колумбия университетінің студенті Тим Чен Ванкуверде оқып жүргенде баспана мәселесін шешудің өзіндік жолын тапты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ол өзге қалада пәтер жалдаудың орнына, ұшақ жалдауды шешкен. Тим Чен сабаққа аптасына екі рет туған қаласы Калгариден ұшады. Жас жігіт бұл пәтер жалдау ақысын төлеуден арзанырақ екенін айтады. 

Тим Чен сабақтан қалмас үшін бірнеше жыл Ванкуверде баспана жалдаған. Алайда, жалдау ақысының күрт өсуіне байланысты ол Калгаридегі ата-анасының үйіне қайта көшіп келеді. Баспаға жұмсаған қаржысына университетке ұшақпен ұшуды шешеді. Оның айтуынша, 150 долларлық әуе билетін аптасына екі рет сатып алады. Осылайша ол қалтасындағы ақшасын үнемдейтін көрінеді.

«Бір сағат ұшамын. Автобуспен жүрумен бірдей. Үш сағаттық сабағым бар, содан кейін бірден әуежайға қайтамын», - дейді студент.

Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.