04.03.2026
11:09:31
ru
kz

Таяу Шығыс елдерінен 946 азамат елге қайтты

Басты жаңалықтар
04.03.2026
09:10
Таяу Шығыс елдерінен 946 азамат елге қайтты

Бүгін Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

 

KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;

 

KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;

 

KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;

 

KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.

 

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

 

Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

 

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить