Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Ал аталған қалаларға билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды. Тегін қайта брондау 30 сәуірді қоса алғанға дейін, ал билеттерді қайтару 11 наурызды қоса алғанға дейін қолжетімді.
Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауды жалғастыруда.
