21 ақпан – Дүниежүзілік туристік гид күні. Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов гидтерді кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың Қазақстан туризмін дамытудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Соңғы айларда Қазақстанның туристік әлеуеті халықаралық басылымдарда кеңінен талқылануда, travelpress.kz ҚР Туризм және СМТ индустриясы комитетінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды. Әлемдік жетекші ақпарат көздері елдің мәдениеті мен табиғи мұрасына қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтуде.