13.03.2025
00:06:39
ru
kz

Былтыр Шымкент қаласына 387 мың турист келді

Басты жаңалықтар
12.03.2025
16:08
Былтыр Шымкент қаласына 387 мың турист келді
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Шымкент қаласына 387 мың турист келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда былтырғы көрсеткіш 13,8%-ға артқан. Ал қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындары 8,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Қазіргі таңда қалада 147 қонақ үй мен орналастыру орны жұмыс істейді.


2024 жылдың қорытындысы бойынша туристік салаға салынған инвестиция көлемі 73,8 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 27,8%-ға көбейген. Былтыр Шымкентте жаңа әуежай іске қосылып, теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 14,2 млрд теңгеге жететін жеті қонақ үйдің құрылысы аяқталды. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өңірде 240 жаңа жұмыс орны ашылды.



 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.